• RU
Четверг, 3 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жұмысшы мамандықтары жылы

404 млн теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған

Жамбыл облысында Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу туралы 123 тармақтан тұратын іс-шаралар жоспары бекітіліп, өңірлік штаб өз жұмысын бастады.

by Jasyn
24/06/2025
in • Жұмысшы мамандықтары жылы
0
404 млн теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жоспарда 2025-2026 жылдары колледждер  халықаралық салалық аккредиттеуден өту, «1С» сертификаттау орталығын құру, 220 орындық жатақхана құрылысын салу, 6 салалық (hub) кешенін ашу,  жұмыс берушілердің тапсырысы бойынша  мақсатты білім беру тапсырысын ұлғайту, шетелдік инвестор тарту арқылы жаңа мамандығын ашу іс-шараларды өткізу қамтылған.

Бұл іс-шараларды жүзеге асыруға 404 млн теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған. Оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 304 млн теңге, ал, демеуші кәсіпорындар есебінен 100 млн теңге жұмсалмақ.

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жоспарланған 123 іс-шараның 74-іне облыстық білім басқармасы жауапты болып саналады. Оның бүгінгі күнге орындалғаны 30 іс-шара, 44-і орындалмаған, яғни орындалу мерзімі бар.  Жобалық офиске БИТРИКС жүйесіне 40 іс-шара енгізілген. Оның 25-і білім басқармасына қатысты. Оның бүгінгі күнге орындалғаны 9 іс — шара.

— Жоспарға сәйкес І-ІІ тоқсанда орындалған іс шараларға жеке -жеке тоқталатын болсам, — дейді бұл жөнінде Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбеков. — Жылдың басында жұмыс жоспары облыс әкімімен бекітілді. Бұқаралық ақпарат құралдарына Ақпарат және қоғамдық даму басқармасымен бірлесе, бекітілген медиа-жоспар аясында бүгінгі күнге дейін 132 мақала, телеарналарда 67 сюжет, сайттарда 145 материал, әлеуметтік желіде 2 инфографика мен 6 ролик таратылып, 10071 пост шықты. Жергілікті «JAMBYL», «77TV» және «Taraz 24» телеарналарының жаңалықтар қызметінен 67 сюжет көрсетілді. Сондай-ақ, ресми аккаунттар құрылды. «Адал еңбек. Адал табыс» жұмысшы мамандықтар жылының ашылуы өтіп, жаңа кәсіптер Атласы әзірленді.

Бұдан бөлек мектептерде  60 бейіндік сыныптары ашылған. Жергілікті 10 ірі кәсіпорындарға 2300 оқушымен экскурсиялар ұйымдастырылып, 900 мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жүргізіліпті. Техникалық және  кәсіптік білім беруді трансформациялау жөніндегі жол карта бекітіліп, колледждер мен кәсіпорындар, жоғары оқу орын  арасында 98 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Ал, «Серпін» жобасы аясында 3000-ға жуық мектеп түлектерімен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Шығыс Қазақсан облысының С.Аманжолов университетінің өкілдерімен кездесу өтті.

Сондай-ақ, облыс әкімінің  төрағалығымен инвесторлар мен салалық мемлекеттік органдардың қатысуымен кадр дайындау, түлектерді жұмысқа орналастыру, инвестиция тарту мәселелері бойынша  өңірлік форсайт сессиясы өтті. Форсайт сессиясына 40 инвестор, салалық басқармалар қатысты. Өңірлік мedskills worldskills, deafskills өңірлік чемпионат өтті. Чемпионатқа 28 құзыреттілік бойынша 173  қатысушы қатысты. Және колледждерде ашық есік күндері өткізіліп, оған 4000 мектеп оқушысы қамтылды.

Тағы бір айтары, ТОП-100 студент конкурсы өтіп, республикалық кезеңге 10 студент жолдама алып, 6 студент «ТОП-100» студент қатарына енді. Ал, облыста «Бизнес стартап» байқауы мамыр айында өтіп, республикалық кезеңге Жамбыл политехникалық жоғары колледжі жолдама алды.

«Хакатон» республикалық чемпионатына 6 облыстан 90 команда қатысып, жүлдегерлер марапатталды. «Менің болашақ мамандығым» атты 8-11 сынып аралығында шығарма жазу байқауы өтті. Байқауға 2500 оқушы қатысты.

Сондай-ақ, «Мансап форумы» бітіруші түлектермен өтті. Форумға 500-аса бітіруші түлектер қатысты. Іс шара Шерхан Мұртаза халықаралық университетімен бірлесе ұйымдастырылды.

Тағы бір іс-шара — облыстық кәсіпкерлермен, жоғары оқу орындарының қатысумен  «HR-форум» өтті.  Жоғары оқу орындары мен Білім басқармасы арасында екі жақты ынтымақтастық меморандум жасалынды. М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті  студенттерінің арасында «Адал еңбек» тақырыбында дебат ойындары ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары мен колледж студенттерімен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме, «Үздік плиткашы» байқауы Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде өтті. Қытай мемлекетінің Сиань қаласындағы Кәсіптік-техникалық комитеті мен Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы, №7 Бетқайнар колледжі арасында меморандум жасалынды.

— Қорытындылай келе, облыста 1-2 тоқсанда іс-шара аясында колледждер мен кәсіпорындар, жоғары оқу орын  арасында 98 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, — дейді Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбеков. — 7000 оқушыға кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. 200-ге жуық кәсіпорын базасына экскурсия жасалынды. Жұмыс берушілермен 5 салалық форсайт сессиясы және 1 республикалық, 3 облыстық чемпионат, 5 шеберлік конкурс өтті.

Фото: Informburo.kz

 

Tags: «Адал еңбек. Адал табыс» жұмысшы мамандықтаркадр дайындау
Jasyn

Jasyn

Next Post
Елдос Сметовтың иығына ота жасалды

Елдос Сметовтың иығына ота жасалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

9 мың теңге тұратын көмір неге 25 мың теңгеден сатылады?

9 мың теңге тұратын көмір неге 25 мың теңгеден сатылады?

3 месяца ago
Зейнетақы жинағын пайдалану: ҚР ИИДМ басшысы жаңа бұйрыққа қол қойды

Зейнетақы жинағын пайдалану: ҚР ИИДМ басшысы жаңа бұйрыққа қол қойды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In