Рейдтік іс-шараның мақсаты — жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен айналысатын жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру.
Таңертеңнен бастап тәртіп сақшылары автобустардың жолға шығар алдындағы жағдайларын тексеріп, медициналық тексеру іс-шараларын жүргізуде. Құқық белгілейтін құжаттардың болуы, көліктердің техникалық жағдайы – адам қауіпсіздігінің барлық аспектілеріне назар аударылуда. Содан кейін желілік тексерулер басталды.
Осылайша, бірінші күні полицейлер жол қозғалысын қадағалау кезінде қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 131 жол ережесінің бұзушылыған анықтады.
– Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 3 жүргізуші, заңсыз қайта жабдықтағаны үшін – 10, техникалық байқаудан өтпегені үшін – 19, маневр жасау ережелерін бұзған – 24, ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін — 13, тағы 13 — қозғалыс жылдамдымдығын асырған жүргізушілер жауапкершілікке тартылды, — деді Жамбыл облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Құрмет Мәжікенов.
Сонымен қатар, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының 350-шақырымында полиция қызметкерлері Алматыдан Түркістан облысына бағыт алған жалған тіркеу нөмірлік белгімен «Yutong» маркалы қалааралық автобусты басқарған 49 жастағы жүргізушіні анықтады.
Жолаушылар автобусы айып тұраққа қойылып, 36 жолаушы басқа автобуспен жеткізілді. Сот шешімімен құқық бұзушы 2 тәулікке қамауға алынды және 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бірінші күні айып тұраққа барлығы 12 қоғамдық көлік қойылды.