Статистикалық мәліметтерге назар аударсақ, 2023 жылы Қазақстанға келгендер саны 25,3 мың адамды, кеткендер саны 16 мың адамды құраған. Яғни, 2022 жылмен салыстырғанда Қазақстанға келушілер саны 46,8%-ға өсті.
ҚР Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша 2023 жылы уақытша тұруға 584 588 рұқсат берілді. Ал, елге кіру үшін 55 091 шақыру ресімделіп, 56 427 виза берілді.
Қазақстан азаматтығына 26,8 мыңнан астам адам қабылданды. Оның ішінде қандастардың саны 20,5 мыңнан асты, оның ішінде Өзбекстан (13 244
немесе 64%), Қытай Халық Республикасы (2 768 немесе 13,5%), Түрікменстан (1 778), Ресей (1 313), Моңғолия (802).
Өткен жылы 16 028 адам Қазақстан азаматтығынан айырылды. 2021 жылы — 17 179 адам, 2022 жылы-18 568 адам азаматтықтан айырылған болатын.
Сондай-ақ, 32 жыл ішінде Қазақстанға 1 млн 128 мың этникалық қазақ оралып, қандас мәртебесін алғанын атап өткен жөн, бұл ел халқының 5,6% —
құрайды.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2022 жылы 348 162 адам ауылдан қалалық жерге келген, ал қаладан ауылдарға 132 702 адам көшкен.
Осылайша қазіргі уақытта Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде халықтың табиғи өсуінде және көші-қон ағынында әртүрлі динамика байқалады. Мысалы,
Солтүстік Қазақстан облысынан басқа барлық өңірлерде оң табиғи өсім байқалады. Сонымен қатар, көші-қонның оң сальдосы тек кейбір өңірлерде, соның ішінде Алматы және Маңғыстау облыстарында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында байқалады.
Өңірлік бөліністе көшіп-қонушылар ағынының біркелкі болмауы байқалады: ауылдық жерлерден облыстар мен аудан орталықтарына, өңірлерден
Алматы, Астана және Шымкент сияқты ірі қалаларға бағытталған.
Эмигранттардың ең көп саны Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарынан негізінен ТМД елдеріне кетеді. Көшіп кетушілердің ең аз саны
Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстарында тіркелген.