• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Бюджет

300 млн. теңгеге кино түсіріп, 7 мың теңге табыс тапқан

Өткен аптада Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекіткен болатын. Бұл жолы да бюджеттің мәселесі қызу талқыланды.

by Jasyn
26/06/2024
in Бюджет, Топ
0
300 млн. теңгеге кино түсіріп, 7 мың теңге табыс тапқан
0
SHARES
34
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

— Есепті кезеңде республикалық бюджеттің шығыстары нақты кірістермен қамтамасыз етілмеген. Үкімет Ұлттық қор қаражатын қосымша жанама тарту әдісін және бизнес үшін «тартымсыз» салық рәсімдерін қолданды, осылайша бюджетті «формальды» теңдестіруге қол жеткізді, — дейді өз баяндамасында сенатор Бекболат Орынбеков. — Шығыстардың шамамен 33% — ы бір нақтылау және 7 түзету арқылы қайта қаралды, нәтижесінде үштен бірі пысықталмаған.

Салыстыру үшін айтар болсақ, 2021 жылы түзету көлемі
19%-ға, ал 2022 жылы – 30%-ды құрады.

Сонымен қатар, дәстүрлі себептерімен есепті жылы бюджет қаражатының 73,3 млрд. теңгеге игерілмеуі сақталуда.

Мысалы, экология және табиғи ресурстар министрлігінің 11,4 млрд. көлеміндегі шығыстары сегіз рет түзетілгенімен,  тиімсіздік 7,7 млрд. теңгені құрады.

Мәдениет және ақпарат министрлігі 165 млрд. теңге бюджетімен бірнеше рет жасалған түзетуіне қарамастан, шамамен 2 млрд. теңгені игерген жоқ.

Осыдан бөлек, қаражатты пайдаланудың тиімсіздігі, оның ішінде көпжылдан бері кележатқан, отандық кинематография саласында да проблемалар бар.

2016–22 жылдар кезеңінде «Қазақфильмге» киноны шығаруға және прокаттауға 14,5 млрд. теңге бөлінгенімен, оның 4,8%-ын ғана ақтады!

Мысалы, «Әруақ» кинофильмге 300 млн. жұмсалса, табысы – 7 мың теңге ғана түсті, «Композитор» кинофильмге — 1,2 млрд. бағытталса, оның табысы — 400 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ, ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығы бойынша, 2019-23 жылдары бюджеті 6,7 млрд., ал прокат сомасы — 1,1 млрд. теңге.

Өкінішке орай, Жоғарғы аудиторлық палатаның ұсыныстарына қарамастан, соңғы 6 жылда орындалған үлесі — 65%.

Сондықтан, мемлекеттік аудиторлардың есептері ескерілмеуде деген күмән бар.

«Мемлекеттік қаржыны басқарудың тиімділігі мен ашықтықты арттыру мақсатында, Үкіметтің Жоғарғы аудиторлық палата ұсынымдарын орындауы туралы бөлімді, заңнамалық деңгейде Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің құрылымына енгізу, міндеттілігін көздеу қажет» дейді Бекболат Орынбеков.

 

Tags: «Әруақ» кинофильмбюджеттің мәселесіСенатор Бекболат Орынбековұлттық киноҰлттық қор
Jasyn

Jasyn

Next Post
Шымкентте 1 көшені таза ұстауға 25,5 млн. теңгеге бөлінген

Шымкентте 1 көшені таза ұстауға 25,5 млн. теңгеге бөлінген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Astana LRT ісі: Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековтің қайда жүргені анықталды

Astana LRT ісі: Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековтің қайда жүргені анықталды

4 года ago
35 жасқа дейінгі 709 жас  есепте  тұр

35 жасқа дейінгі 709 жас есепте тұр

6 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In