Жамбыл облыстық еңбек мобильдігі орталығының директоры Серік Әлібековтің айтуына қарағанда аталған шараларға барлығы 4500-ге жуық адам қатысып, оның 3 мыңға жуығы бос жұмыс орындарына жолдама алды.
Биыл субдсидияланатын жұмыс орындары бойынша жоспар 17182 адам болып белгіленіп, бүгінгі күнге жоспар 84,7 пайызға орындалды. Бұл 14555 адам деген сөз.
Осы орайда №3 Байзақ колледжінде «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Профи — 2025» байқауы өткізілгенін айтып кетуге болады. Бұл байқау биыл қатарынан төртінші жыл өткізіліп отыр. Қуанарлық жәйт, жыл сайын қатысушылар саны артып келеді.
Бұл жолғы байқау 4 саланы қамтыды. Атап айтқанда, «Кондитер», «Аспазшы», «Визажист» және «Дәнекерлеу ісі». Байқау жарияланған уақыттан бастап 27 өтінім парағы келіп түскен. Яғни, «Кондитер» мамандығы бойынша – 11 үміткер, «Аспазшы» мамандығы бойынша — 4 үміткер, «Визажист» мамандығы бойынша – 6 үміткер және «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша – 6 үміткер қатысты.
Биылғы жылғы «Профи-2025» байқауы «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай ұйымдастырылды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов сөз алып, шараның маңыздылығына тоқталды. «Мемлекет басшысы биылғы жылды – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Яғни, бұл байқау жұмысшы мамандарына үлкен құрмет көрсетіп, олардың дәрежесін көтеру мақсатын көздеп отыр. Еліміздің әр өңірінде осы мақсатта ауқымды іс шаралар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі байқау да осының бір көрінісі. Байзақ ауданында жұмысшы мамандарын даярлайтын №3 Байзақ колледжі өз жұмысын абыроймен атқарып келеді» деп аудан әкімінің орынбасары жеңімпаздарды марапаттады.
Байқау қорытындысы бойынша «Кондитер» мамандығы бойынша І орынды Назерке Асанқұл, ІІ орынды Әдемі Жилкибай, ІІІ орынды Венера Балтабаева иеленді.
«Аспазшы» мамандығы бойынша І орынмен Алмас Жаманқұл, ІІ орынмен Күләш Карбозова, ІІІ орынмен Айдана Қуатбекова марапатталды.
«Визажистер» арасында Ләйлә Есімхан І орын, Мадина Ақмолдаева ІІ орын және Арайлым Тұрғынбай ІІІ орын иегері атанды.
«Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша І орынмен Нұрболат Жексеналы, ІІ орынмен Нұрғиса Абдикарим және ІІІ орынмен Нұрхалық Абдуақас марапатталды. Жеңімпаз қатысушыларға диплом, ақшалай сыйлықтар және гүл шоқтары табысталды.
Тағы бір айтары, қоғамның тағы маңызды топтарының бірі жастарды жұмысқа тарту бойынша да жүйелі түрде жұмыс жүргізілуде.
Мәселен, биыл 20903 жасты жұмыспен қамту жоспарланып отырса, бүгінгі таңда оның 5761 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.
Осы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі ағымдағы жылдың 1-тоқсанның қорытындысымен 4,8 пайызды, ал жастар арасындағы жұмыссыздық 3 пайызды құрады.
Фото: almaty.tv