• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Без рубрики

«28 жасқа толар еді»: Бүгін Денис Теннің туған күні

by Jasyn
06/03/2024
in Без рубрики
0
«28 жасқа толар еді»: Бүгін Денис Теннің туған күні
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін әйгілі спортшы Денис Теннің туған күні. Даңқты қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы көзі тірі болғанда 28 жасқа толар еді.

Әлеуметтік желі қолданушылары еліміздің дарынды мәнерлеп сырғанаушысы, Олимпиада жүлдегері, Азия чемпионын еске алуда. Олардың арасында әнші Димаш Құдайберген де бар.

«Бүгін біздің қаһарман Денис Теннің туған күні. Сен мәңгі біздің жүрегіміздесің. Аты аңызға айналған досым, жатқан жерің жайлы болсын», — деп жазған Димаш.

Тен 1993 жылы 13 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген,. Ол — Корей империясы кезінде даңқты қолбасшы болған генерал Мин Гынхоның ұрпағы. Денис конькимен мәнерлеп сырғанаудан бөлек, өзге де спорт түрлерімен, атап айтқанда, теннис, акробатика, таеквондо, каратэ, жүзумен айналысып, би және сурет салу мектебіне де барған сегіз қырлы, бір сырлы жігіт болатын.

Ол кішкентайынан музыкаға әуес болып, хорға да қатысқан. 2002 жылы Денис Тен қатысқан хор ұжымы Пусандағы хор олимпиадасында күміс медальға ие болған еді. Спортшы кейіннен мәнерлеп сырғанау өнеріне біржолата бет бұрады. 2003 жылы «Хрустальный конек» турнирінде Денисті Елена Буянова байқап, Мәскеуге өзінің қоластында жаттығуға шақырады.

Нәтижесінде, Денис 2006 жылы ересектермен сайысқа түсіп, Қазақстан чемпионатын жеңіп алды. Спортшы халықаралық жарыстарға 2010 жылдан бастап шыға бастайды. Денис Тен 2014 жылы өткен Сочи олимпиадасында Қазақстан қоржынына жалғыз жүлдені алып берген спортшы атанады.

Сондай-ақ, ол мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері, Азия чемпионы, Қазақстанның үш дүркін жеңімпазы және Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Еске сала кетсек, 2018 жылы 19 маусымда танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен көлік ұрыларының қолынан қаза тапты. Артынша, спортшының өліміне күдіктілер ұсталды. Олардың бірі Жамбыл облысының тұрғыны Нұралы Қиясов болса, екіншісі Қызылорда облысының азаматы Арман Құдайбергенов болып шықты.

Кейінірек екі азамат та өз қылмыстарын мойындап, Денис Тенді танымағандарын айтты. Спортшы 21-ші шілде де жер қойнына тапсырылды.

KAZ.NUR.KZ

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстанда «Яндекс. Такси» жұмысына тыйым салына ма

Қазақстанда "Яндекс. Такси" жұмысына тыйым салына ма

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда азық-түлік арзандайды

Қазақстанда азық-түлік арзандайды

3 года ago
Жамбыл облысында жалған құжаттарды дайындаумен айналысатын адамдар тобы ұсталды

Жамбыл облысында жалған құжаттарды дайындаумен айналысатын адамдар тобы ұсталды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In