Жаңа облыстардағы мемлекеттік кірістер органдарының кодтары бекітілді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына енгізілген өзгерістермен жаңа облыстардағы мемлекеттік кірістер органдарының кодтары бекітілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Аталған өзгертулер «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03.05. №887 Жарлығын орындау мақсатында жасалды.

Осыған дейін, МКК-де жаңа облыстардың заңды тұлғаларына, жеке кәсіпкерлеріне, жеке тұлғаларына қайта тіркелуден өтудің қажеті жоқ екенін хабарлаған. Өйткені, ақпараттық жүйелерде салық төлеушілерді қайта тіркеу автоматты түрде жасалады. Сондай-ақ, бақылау-касса машиналары (БКМ) тіркелген мекен-жайлар да автоматты түрде жаңартылады.

Жаңа кодтар салық есептілігін тапсыру және салықтарды төлеу үшін қажет.

МКД, МКБ атауы Код
ҚР ҚМ МКК Жетісу облысы бойынша МКД 7001
МКД Ақсу ауданы бойынша МКБ 7002
Алакөл ауданы бойынша МКБ 7003
Қаратал ауданы бойынша МКБ 7004
Кербұлақ ауданы бойынша МКБ 7005
Көксу ауданы бойынша МКБ 7006
Панфилов ауданы бойынша МКБ 7007
Сарқан ауданы бойынша МКБ 7008
Ескелді ауданы бойынша МКБ 7009
Талдықорған қаласы бойынша МКБ 7010
Текелі қаласы бойынша МКБ 7011
ҚР ҚМ МКК Абай облысы бойынша МКД 7101
Абай ауданы бойынша МКБ 7102
Аягөз ауданы бойынша МКБ 7103
Бесқарағай ауданы бойынша МКБ 7104
Бородулиха ауданы бойынша МКБ 7105
Жарма ауданы бойынша МКБ 7106
Курчатов қаласы бойынша МКБ 7107
Үржар ауданы бойынша МКБ 7108
Көкпекті ауданы бойынша МКБ 7109
Ақсуат ауданы бойынша МКБ 7110
Семей қаласы бойынша МКБ 7111
ҚР ҚМ МКК Ұлытау облысы бойынша МКД 7201
Жаңаарқа ауданы бойынша МКБ 7202
Ұлытау ауданы бойынша МКБ 7203
Жезқазған қаласы бойынша МКБ 7204
Қаражал қаласы бойынша МКБ 7205
Сәтбаев қаласы бойынша МКБ 7206

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.