Самат Әбішке қатысты тергеу амалдары жүргізілуде – ҚР ҰҚК

Самат Әбіш Қаңтар оқиғасы бойынша куә болып отыр. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмерханов мәлімдеді.

Самат Әбіш Қаңтар оқиғасы бойынша  куә болып отыр. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмерханов мәлімдеді 

 

«Самат Әбішке де тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол қазір куәлік беруде, мен оның жағдайын білмеймін. Ол Қазақстанда. Мен оны өзім көрмедім. Тергеу жүріп жатыр, солай болуы керек деп ойлаймын», – деді Асқар Әмерханов Мәжіліс сыртында. 

 

Қаңтар айында Самат Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылған болатын. 

 

2000 жылы Самат Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын, 2002 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы барлау қызметінің академиясын бітірген. 

 

2017 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді. 

 

2000-2006 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік қызмет атқарған. 

 

2013-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары. 

 

2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.