Қазақстанда 23-25 маусымда ыстық ауа-райы күтілуде.

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2022 жылғы 23-25 маусымға арналған ауа райы болжамын таратты.

«Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде солтүстік циклон ойпатының өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Кей өңірлерде найзағай ойнап, дауыл соғады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. 23-24 маусымда оңтүстік-шығыста, 25 маусымда республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. 23 маусымда күндіз Атыраудың оңтүстігінде, 23-24 маусымда Ақтөбенің оңтүстігінде, 24 маусымда Қостанай облыстарының оңтүстігінде, 23-25 маусымда Қарағанды облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі – 40 градус, 24-25 маусымда Қызылорданың оңтүстігінде, 25 маусымда Түркістан облыстарының шөлді аймақтарында өте ыстық – 45 градус, 25 маусымда Жамбыл облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық – 43 градус болады деп күтілуде.», – деп хабарлайды «Қазгидромет».

Leave A Reply

Your email address will not be published.