ForteBank «ҚТЖ» ҰК» АҚ үшін 60 млрд теңгеге несие желісін ашты

ForteBank пен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ 60 млрд теңге сомасына ұзақ мерзімді несие желісін ұсыну туралы келісімге қол қойғанын хабарлады.

Келісімнің мақсаты – саланың серпінді дамуын және ұлттық темір жол операторының қызметін қаржыландыру. Атап айтқанда, компания өндіріс орындарын жаңғыртуды, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымын трансшекаралық теміржол көлігі нарығының өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне бейімдеуді жоспарлап отыр. 

 

Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі болып табылатын Forte-дан қаржыландыруды тарту «ҚТЖ» ҰК» АҚ инвестициялық саясат жоспарларын жүзеге асыруға көмектеседі және компанияның жоспарланған бірқатар көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Даир Көшеров 

 

ForteBank басқарма төрағасының орынбасары Айдын Әуезқанов ForteBank құрылған күннен бастап корпоративтік клиенттерге, соның ішінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ еншілес ұйымдарына кешенді қаржылық шешімдер ұсына отырып, Қазақстан экономикасын қолдау мен дамытуға үлес қосып келе жатқанын ерекше атап өтті. 

 

Ұлттық теміржол тасымалдаушысының қызметін қаржыландыру арқылы біз бизнестің тұрақты өсуі мен еліміздегі экономикалық дамудың негізінде жатқан көлік қызметтерінің сапасын арттыруға үлес қосамыз. 

Айдын Әуезқанов 

 

ForteBank – корпоративтік клиенттерге де, ШОБ клиенттеріне де, жеке тұлғаларға да қаржылық қызмет көрсететін әмбебап қазақстандық банк. 

  

Банктің 299 млрд теңге көлеміндегі корпоративтік бизнес несие портфелі тұрақты өсім көрсетіп, 2022 жылдың қаңтарынан бастап 57%-ға өсті. 

  

2022 жылдың сәуірінде Moody’s Investors Service халықаралық агенттігі банктің рейтингін тұрақты болжаммен Ba2 деңгейінде растады, S&P рейтингті оң болжаммен B+ деңгейінде растады. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.