Лимузиндер бойынша көлік салығы қалай есептеледі?

Лимузиндер бойынша көлік құралдарына салық қай ставкамен есептеледі және қандай жағдайда өсімпұл есептелмейді? Осы туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде түсіндірді.

Салық заңнамасына сәйкес лимузиндер қозғалтқыштың көлеміне
байланысты салықтандырылады. Есептеу жүргізу барысында айлық есептік
көрсеткіш қолданылады.

Сондай-ақ, көлік салығының ставкасы бастапқы мемлекеттік тіркеуден
өткен және ел аумағына әкелінген күніне байланысты.
2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін бастапқы мемлекеттік тіркеуден
өткен немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген қозғалтқыш
көлемі 3000 текше сантиметрден асатын лимузиндерге мына ставкалармен
салық салынады:

  • 3 000-нан жоғары 4 000-ға дейін қоса алғанда: 15 АЕК
  • 4 000-нан жоғары: 117 АЕК

2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Қазақстан Республикасында
өндірілген (дайындалған немесе жиналған) немесе 2013 жылғы 31
желтоқсаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген
қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден асатын лимузиндерге мына
ставкалармен салық салынады:

  • 3 000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда: 35 АЕК
  • 3 200-ден жоғары 3 500-ді қоса алғанда: 46 АЕК
  • 3 500-ден жоғары 4 000-ды қоса алғанда: 66 АЕК
  • 4 000-нан жоғары 5 000-ды қоса алғанда: 130 АЕК
  • 5 000-нан жоғары: 200 АЕК

 

Лимузиндер бойынша көлік құралдарына салықты есептеу көлік
құралдарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар
ұсынатын мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.
Бұл норма 2011 жылдан бастап қолданылады.

Бұл ретте салықты қате есептеген жағдайда салық органы талап қою
мерзімі (үш жыл) шегінде есептелген салық сомасын қайта қарауға құқылы.
Сонымен қатар, салық заңнамасына сәйкес, салық органы жеке
тұлғалардан көлік құралдары салығының есептелген сомаларын қайта қараған кезде тиісті салық кезеңі үшін салық төлеу мерзімі басталғаннан
кейін өсімпұл есептеу жүргізілмейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.