Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерациясының президенті болды

Жансая Әбдімәлік жаңадан құрылған Алматы шахмат федерациясының президенті болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа ұйым Алматы қаласының Шахматшылар одағынан кері қайтарып алынғаннан кейін аккредитацияға ие болды және мегаполисте шахмат мәдениетін дамытатын болады. Федерация мен оның президентінің мақсаты – Алматыны әлемдік шахмат орталықтарының біріне айналдыру және еліміздің басқа шахмат федерациялары үшін үлгі көрсету. Федерацияның президенті қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік болды.

«Федерацияның 2024 жылға дейінгі жоспарында – төрт негізгі бағытты дамыту: қала тұрғындары арасында бұқаралық спорт, мектептегі білім берудегі шахмат, жоғары жетістіктер спорты, сондай-ақ ардагерлерді қолдау», – деп атап өтті Жансая Әбдімәлік.

Жоспарға сәйкес Алматы мектептерінде шахмат сабақтарына арналған кабинеттер жабдықталады, мұғалімдер мен оқушыларға арналған арнайы оқыту бағдарламалары, әдістемелік құралдар әзірленеді, сондай-ақ Мектеп лигасына қатысу үшін командалар құрылады. Мұндай тәжірибе Ұлыбританияда, АҚШ-та, Түркияда бұрыннан қолданылып келеді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.