«Бапкерім мылтықты несиеге алып берді»: Паралимпиада ойындарының қатысушысы дайындық барысындағы қиындықтар туралы айтты

Бейжіңде өткен Паралимпиада ойындарына қатысқан Ербол Хамитов төрт жылда бір келетін қысқы спорт түрлеріне дайындық кезінде туындаған мәселелер жөнінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы, петропавлдық 24 жастағы Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында LW12 (отырып жарысу) сыныбында өнер көрсеткен.

Бұрын ол  грэпплинг және джиу-джитсумен айналысқан, алайда 2017 жылы атыс арасында қалып, бір аяғынан айырылған. Қайғылы оқиға жігіттің сағын сындырмай, ауруханадан шыққан соң ол спортқа қайта оралуға бел буады.

2019 жылы ол грэпплингтен AIGA вице-чемпоны (Ересектер секциясы) және UWW Азия чемпионы (NoGi-Intermediated Section) атанды, алайда төрт жылда болатын қыстың басты жарыстарына қатысу арманы ойынан шықпай қойған. Ал грэпплинг пен джиу-джитсу Олимпиада бағдарламасына енбегендіктен, Ербол шаңғы жарысына ауысады.

2022 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындары оның мансабындағы мұндай деңгейдегі алғашқы жарыс болғандықтан спортшы өзінің дебюттік Паралимпиада ойындарында жеңіске жетуді мақсат етіп қояды.

Спортшының лайықты нәтиже көрсетіп – шаңғы жарысында жетінші орынмен келгенін баса айта кету қажет. Алайда бұл көрсеткіш Хамитовтің өзінің көңілінен шықпады.

«Мен жеңіс тұғырына көтеріліп, отбасым мен достарымның, қазақстандық жанкүйерлер мен спорт сүйер қауымның үмітін ақтау үшін қолымнан келгеннің барлығын жасадым. Бірақ бұл жеткіліксіз болып шықты», – деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.