Қуат Хамитов босатылды

Алматыда ОМОН тобы ұстап әкеткен ММА файтері, аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов босатылды. Бұл туралы журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Facebook-те хабарлап, елден сүйінші сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Халайық! Қуат Хамитовты үйіне жіберіпті! Сүйінші!» – деп жазба қалдырды ол.

Бұған дейін де журналист Хамитовтың бейбіт шеруге шыққанын жазып, оны босатуды талап еткен еді.

Қуаттың босатылғаны жайлы ақпарат Instagram-дағы пабликтерде де тарап жүр. Сондай-ақ спортшының қан-жоса болған суреті де желіде тарап кеткен.

Айта кетейік, Қуаттың қамалғаны жайлы 11 қаңтар күні белгілі болған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.