• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Экономика

2022 жылы Қазақстанда жаңадан 24 электровоз желіге қосылады

by Jasyn
06/03/2024
in Экономика
0
2022 жылы Қазақстанда жаңадан 24 электровоз желіге қосылады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин теміржол жолдарын жаңғырту және жылжымалы құрамды жаңартуға қатысты депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасында Достық – Мойынты учаскесінде ұзындығы 833 шақырым болатын екінші жолдардың құрылысы көзделеді. Оны іске асыру кезеңі — 2021-2024 жылдар. Аталған жоба Қазақстанның ҚХР – ЕО маршрутында теміржол транзиттік тасымалдарындағы басым рөлін сақтап қалады, бұл учаскенің өткізу қабілетін 5 есеге арттыруға және контейнерлік пойыз жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді», — делінген А. Маминнің жауабында.

Оның айтуынша, биыл меншікті қаражат есебінен Достық – 19-разъезд учаскесінде ұзындығы 25 шақырым екінші жолдардың және 19-разъезд учаскесінде үш жолдың құрылысы басталды.

«Алтынкөл – Жетіген учаскесінің және Алматы теміржол торабының жүктемесін азайту үшін ұзындығы 73 шақырым Жетіген – Алматы айналма теміржол желісін салу жоспарлануда (жоба). Жобаны іске асыру Алматы торабының жүктемесін 30 %-ға азайтуға, сондай-ақ жүктерді жеткізу уақытын 24 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Жобаны 2022-2023 жылдары іске асыру көзделген», — деп жазды Үкімет басшысы.

«Сонымен қатар, бүгінгі күні локомотивтердің жүк паркін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл шарттар бойынша 15 тепловоз бен 12 электровоз алынды, ал 2022 жылы тағы 24 электровоз және 28 тепловоздың жеткізілуі күтілуде», — деді Премьер-Министр.

Еске сала кетейік, сенатор Нұрлан Қылышбаев еліміздің Премьер-Министрі Асқар Маминнің атына жолдаған депутаттық сауалында кәсіпкерлердің Қытаймен шекара арқылы тауар тасымалдау кезінде кездесетін мәселелерін көтерді.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Үкімет басшысы ипотека алушылардың борыш жүктемесіне қатысты түсінік берді

Үкімет басшысы ипотека алушылардың борыш жүктемесіне қатысты түсінік берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбыл облысында  қымбат автокөліктерді алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды

Жамбыл облысында қымбат автокөліктерді алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды

3 месяца ago
Қазақстан Елтаңбасының авторы Шот-Аман Уәлиханов өмірден өтті

Қазақстан Елтаңбасының авторы Шот-Аман Уәлиханов өмірден өтті

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In