Жаңа қаулы: «Омикрон» штамы тараған елдерден келген жолаушы 7 күнге оқшауланады

ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы бойынша 10 мемлекеттен келген жолаушылар 7 күнге оқшауланады.

«Осы қаулыға қосымшада көрсетілген елдерден Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде барып келген адамдар 7 күнге үйде оқшаулансын (үй карантині). Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен CОVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтаманың және CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың бар-жоғына қарамастан жүргізіледі», – деп жазылған қаулыда.

Аталмыш қосымшадағы тізімде Израиль, Чехия, Нидерланд, Ұлыбритания, Италия, Германия, Аустралия, Канада, Бельгия және Египет мемлекеттері көрсетілген. Сондай-ақ, құжатта Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін үкіметтік делегациялар мен авиакомпания экипаждарынан басқа адамдардың бәрі термометриядан, сауалнамадан өтетіні айтылған.

Қаулы 3 желтоқсанда сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.