Таластың саңлақ спортшылары

Талас өңірі жалпы қауымға батырларымен белгілі. Сол батырлардың ізін басқан намысты ұрпақтары да жоқ емес.

Батырлықтың  бір түрі  — спортта жетістікке жету. Бұл жағынан алғанда таластықтардың аты озып  тұр. Әуелі қазақ күресін алайықшы. Ақкөлдік Досан Қалаубековтың ел чемпионы болғаны, ардагерлер арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанғанын мақтанышпен айтамыз.  Дегенмен, қазақ күресі дегенде аузымызға бірден даңқты балуан Бейбіт Ыстыбаев түседі. Үш дүркін  «Қазақстан барысы» атанған  Бейбіт Ыстыбаевпен қалай мақтансақ та жарасады. Қалай мақтасақ та артық емес Бейбітті. Бейбіттің ізін басқан  Айдос Теңгебаев – қазақ күресінен облыс чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы.  Осы жігіттердің ізін басқан жасөспірім спортшылар да жетерлік.

Боксқа келейікші. Бокстан жасөспірімдер, әскерилер арасында Әлем чемпионы, Азия чемпионы Олжас Сәттібаевтың түбі таластық екені белгілі. Олжастың 2016 жылы Рио Олимпиадасына да қатысып, ел намысын қорғағаны көпшіліктің есінде. Ел чемпионы боксшы Дидар Құйқабаев, грек рим күресінен ел чемпионы Дидар Молдағалиев те Таластың мақтанышы. Кәсіпқой бокстан аты шығып жүрген Жанқош Тұраров та таластық.

Футболдан бірнеше дүркін ел чемпионы, Ұлттық құрама мүшесі болған Ұлан Қонысбаевпен де таластықтар мақтанады. Таластық  Қонысбаевтың, Рымтаевтың жасыл алаңда жасындай жарқылдағанын білеміз.

Әрине, жетістік  қолдау болған жерде болады. Аудан  көлемінде қазақ күресінен, футболдан спорт жарыстары жиі өтеді.

«Тарихы мол Таластың жетістігі де көп. Даңқты спортшыларымызбен мақтанамыз. Олардың жолын қуған ізбасарлар дайындау мұратымыз. Осы орайда спорт мектептерін тәжірибелі, сапалы  мамандармен қамтып  келеміз. Олардың арасында жас жаттықтырушылар да бар. Атап айтқанда  қазақ күресінен Нұрхан Тастандиев бапкер, Жәнібек Тұраров,   футболдан Бауыржан Несіпбаев,  Жалғас Қабылбеков, қазақ күресінен Руслан Досалиев секілді жас бапкерлердің нәтижелі  еңбектерін айтып өтуге болады. Алдағы уақытта да биік белестерден көріне береміз» – дейді Талас ауданы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.