• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home Әлеумет

2 миллион теңге грант ұтып алып, тігін цехын ашты

бойынша Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
2 миллион теңге грант ұтып алып, тігін цехын ашты
0
Бөлісу
0
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

— Еңбек жолымды 2008 жылы Т.Рысқұлов аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінде заңгер болып бастаған едім. 2012 жылы Тұрымқұл ауылына келін болып түстім. Қолым боста тапсырыспен тәтті нандар, бәліштер пісіріп саттым. Ауылда жұмыстың жоқтығы маған екінші мамандық алуға ықпал етті. Сөйтіп бастауыш сынып мұғалімі мамандығын бітіріп алып, 2016 жылдан бастап ұстаздық қызметті де қатар алып келемін, — дейді ол.

«Ана – көрген тон пішер, ата – көрген оқ жонар» демекші бала күнінен анасы мен әжесінің іс тігіп, тігіншілікке баулығанының жемісін келін болып түскенде көріп отыр. «Анам мен әжемнен көп нәрсе үйрендім. Осы кісілерден үйренгеніммен қоса, заман талабына сай кәсіп ашу жолында көптеген курстарға қатысып шеберлігімді шыңдадым. «Қимылдаған қыр асар» деген сөз бекер айтылмаған екен. Осы ретте «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 2 миллион теңге грант ұтып алып, тігін цехын аштым. Кәсіп ашуда да өз қызықтары мен қиындықтары қатар жүрді. Әсіресе, көмекші тігінші қажеттілігі туындап, ауылдағы жұмыссыз үйде отырған аналарды өзім білетін курстарда үйренген тәжірибеммен бөлісіп, оқытып, тігінші мамандығына баулып, жұмыспен қамтамасыз етіп келемін» дейді ол.

— Ал пандемия басталғалы көп реттік қолданыстағы бетперде тігіп, мекемелерге таратып келеміз. Осы жылдар ішінде жұмыспен ғана шектеліп қалмай, кәсіби шеберлігімді шыңдау жолындағы ізденістерімді еш тоқтатпадым. Бұл үш мамандықты қатар алып жүру мен үшін керек, бұлар менің алға қойып отырған мақсатыммен тікелей байланысты. Ауыл төрт түліксіз болмайды деп келешекте қолда бар сиыр, жылқы, қой санын көбейтіп шаруа қожалығын ашуды және тігін цехымның қанатын кеңге жаюды армандаймын, — дейді Назира Мұратқызы.

Ол өзінің осынша шаруаны қатар атқаруына қолдау танытып отырған жолдасына да ризашылығын жеткізді.

Tags: тігін цех
Jasyn

Jasyn

Келесі пост
Биыл 145700 тонна ірі сабақты мал азығы дайындалды

Биыл 145700 тонна ірі сабақты мал азығы дайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Кредит пен қарызды жабу: Зейнетақы жинағын пайдалану ережесіне қандай өзгерістер енгізіледі

Кредит пен қарызды жабу: Зейнетақы жинағын пайдалану ережесіне қандай өзгерістер енгізіледі

5 года бұрын
Алдағы қысқы Олимпиада ойындарында тағы Токиодағы жағдай қайталанбай ма?

Алдағы қысқы Олимпиада ойындарында тағы Токиодағы жағдай қайталанбай ма?

5 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In