Жалпы ауылдық округтің жер көлемі 2200 гектар аумақты құрайды. Оның ішінде 800 гектар егістік, 600 гектар жайылымдық жер бар. Мұнда 193 шаруа қожалығы бар. 335 зейнеткер, 281 көп балалы аналар бар. 14 пен 29 жас арасындағы жастардың үлесі 1051 адамды құрайды. Әлеуметтік жәрдем алушылар саны — 25. Бұл санаттағылар жылдан жылға азайып келеді. Себебі, көп балалы және жас отбасыларды кәсіпкерлікке тарту жақсы жолға қойылған. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 15 шаруа қожалық 180 миллион теңге көлемінде несие алып, өз кәсіптерін ашып, жаңа жұмыс көздерін ашып жатыр.
Жамбыл ауданында бүгінде 4500-ге жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Бүгінде бизнес субъектілері аясында 7100 азамат тұрақты жұмыспен қамтылса, соңғы үш жылда ауданға 78 млрд тенгенің көлемінде инвестиция тартылған. Атап өтер болсақ, 2020-2024 жылдары аралығында өңірде жалпы соммасы 35 млрд теңгеге 8 жоба жүргізіліп, алдағы уақытта жаңадан тұрақты жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.