• RU
Четверг, 18 сентября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

12 мың жол апатының төртеуі ғана көліктің техникалық ақауынан болған

Ішкі істер министрлігінің деректеріне қарағанда 2025 жылы тіркелген 12 мың жол апатының төртеуі ғана, ал 2024 жылғы 31 мың апаттың небәрі 17-сі көліктің техникалық ақауынан болған.

by Jasyn
10/09/2025
in Қоғам, құқық
0
12 мың жол апатының төртеуі ғана көліктің техникалық ақауынан болған
0
SHARES
26
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде елімізде ағымдағы жылдың 1 мамырдағы жағдай бойынша 6,2 млн көлік бар, оның 4,9 миллионы жыл сайын міндетті техникалық тексеруден өтуі тиіс. 2024 жылы — 3,5 млн байқаудан өтсе, ал 2025 жылы алғашқы тоқсанында 1,5 млн көлік тексерілген. Орташа бағасы 5 мың теңгеден есептегенде, саладағы операторлардың бір жылдық табысы 17 млрд теңгені құрайды.

«Тексеріс жүйесінің көлеңкелі тұстары да аз емес. Мысалы, 2024 жылы 283 заңбұзушылық дерегі анықталып, 8 млн теңге айыппұл салынған. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында тағы 105 хаттама толтырылып, 2,6 млн теңге өндірілген. Мынау жайттар жүйедегі заңбұзушылықтар мен ашықтықтың жеткіліксіздігін дәлелдейді. Халық жүйенің шынайы қауіпсіздік кепілі емес, мөр басылған қағазға төленетін ақыға айналғанын ашық айтуда. Әсіресе ауылдың шалғай тұрғындары байқау орталықтарының аздығынан жүздеген шақырым жүріп, бір күнін тексеруге арнайды» дейді Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов Үкіметке жолдаған сауалында.

Халық қалаулысының айтуына қарағанда жол-көлік апаттарының басты себебі — жүргізушілердің ереже бұзуы мен жол сапасына тікелей байланысты.

Сондықтан М. Жайымбетов жеке тұлғалардың кәсіпкерлік мақсатта пайдаланбайтын жаңа емес жеңіл автокөліктеріне 2-3 жылда бір рет өткізілетін ашық әрі тиімді міндетті техникалық тексеріс жүйесін енгізуді, техникалық байқау саласындағы заң бұзушылықтарды құқықтық қорғау органдарымен бірлесіп кешенді тексеруді ұсынды.

Фото: Егемен Қазақстан

 

Tags: жол апатыжүргізушілердің ереже бұзуытехникалық ақауытехникалық тексеріс жүйесін енгізу
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Науқастарды ауруханаға жеткізе алмай әркімге бір жалынып жүр…»

«Науқастарды ауруханаға жеткізе алмай әркімге бір жалынып жүр...»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстан Елтаңбасының авторы Шот-Аман Уәлиханов өмірден өтті

Қазақстан Елтаңбасының авторы Шот-Аман Уәлиханов өмірден өтті

4 года ago
Өңірлік басқармалардың қызметкерлері «ауыл аманаты» жобасын іске асыру бойынша оқытылды

Өңірлік басқармалардың қызметкерлері «ауыл аманаты» жобасын іске асыру бойынша оқытылды

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In