• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Ана мен баланы қорғау

11 көпбалалы анаға «Алтын», 44 анаға «Күміс» алқа табыс етілді

Қазіргі таңда Жамбыл облысында 46 мыңнан астам көпбалалы ана болса, оның ішінде, «Алтын алқа» иегерлері 6 мыңға жуық, «Күміс алқа» иегерлері 11 мыңнан асады. Бұдан бөлек, бұл өңірде жүз жасаған және жасы жүзден асқан 40-қа жуық қария бар.

by Jasyn
09/08/2024
in • Ана мен баланы қорғау
0
11 көпбалалы анаға «Алтын», 44 анаға «Күміс» алқа табыс етілді
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп бекер айтылмаған.  Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік пен ұлылық атаулының бәрі де әйел-ананың ақ сүті мен ақ ниетінен тарайды.

Мемлекет басшысының қолдауымен елімізде ана мен бала қамқорлығына, олардың денсаулығына айрықша көңіл бөлінуде. Әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға баса мән беріледі. Әлеуметтік көмектер көлемі жыл санап өсіп келеді. Бұл жұмыстар Жамбыл облысында да жүйелі жүзеге асуда.

Және баланың бойындағы рухани-адамгершілік құндылықтар, өмірге деген көзқарасы, түрлі қасиеттері ең алдымен өз отбасында қалыптасады. Сондықтан қазір  отбасы институтын нығайту мәселелеріне баса көңіл бөлінуде. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді және бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді.

Қалай айтсақ та алтын құрсақты аналарымыз қандай құрметке болсын лайық, оларды қадірлеу – бүгінгі ұрпақтың мерейлі міндеті. Қазақта даналығында «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың» деген жақсы сөз бар. «Алып-анадан туады» демекші, біздің өңірмізден көптеген Еңбек ерлері, батырлар, ақын-жазушылар шыққан десек, олардың барлығы да анадан туған.

Жалпы, Жамбыл облысындағы мемлекеттік қызметшілердің ішінде әйелдердің үлесі 40 пайызды құрайды. Шағын және орта кәсіпте жемісті еңбек етіп, ел игілігін еселеуге айтарлықтай үлес қосып жүрген қыздарымыз – көпке үлгі. Істің көзін таба білген кәсіпкерлердің де 40 пайызы осы қыз-келіншектер.

Жақында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен көпбалалы аналарға «Алтын» және «Күміс» алқаларды табыстау рәсімі өтті.

– Өздеріңізге белгілі, егемендік жылдары демографиялық саясатқа ерекше екпін түсіріліп, барынша назар аударылды. Соның арқасында халық саны бүгінде 20 миллионға жетіп, демографиялық дамуға қол жеткізіп келеміз.
Тараз қаласының тұрғындарының саны да артып, 430 мыңға жуықтады. Ана мен баланы қорғау мақсатында да көптеген істер қолға алынып, жарқын жобалар жемісін беруде. Мұның барлығы біздің елімізде әйел адамзатының орны биік екенін айғақтайды. Елімізде көпбалалы аналарға қолдау қашанда аз болған емес, – деген Бақытжан Әмірбекұлы марапат иелеріне алқаларын табыстады.

Аналар да өз кезегінде шаһар басшысына шынайы ризашылықтарын жеткізді.

Осы орайда айта кетерлігі, Тараз қаласы бойынша 2010-2023 жылдар аралығында жалпы 2 753 көпбалалы ана «Алтын» және 2 516 ана «Күміс» алқамен марапатталған.

Ал бұл күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 27 қарашадағы №401 Жарлығы бойынша 11 көпбалалы анаға «Алтын», 44 анаға «Күміс» алқа табыс етілді.

Фото: Тараз қалалық әкімдігі

Tags: «Алтын» алқа«Күміс» алқакөпбалалы аналарТараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбек
Jasyn

Jasyn

Next Post
Тек полицияның күшімен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешу мүмкін емес

Тек полицияның күшімен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешу мүмкін емес

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Тараз қаласында зейнетақы мөлшерін ұлғайтуға уәде берген ер адам ұсталды

Тараз қаласында зейнетақы мөлшерін ұлғайтуға уәде берген ер адам ұсталды

2 года ago
Пандемиядан кейінгі той-бизнес: Отандық әншілердің тойда ән айту құны қалай өзгерді

Пандемиядан кейінгі той-бизнес: Отандық әншілердің тойда ән айту құны қалай өзгерді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In