Жүргізуші полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы заңды талабына бағынбай, қауіпті маневрлар жасап, бой тасаламақ болған.
Жолдың басқа қатысушыларына қауіп төндірмес үшін құқық бұзушыны бірнеше экипаж қоршап тоқтатуға тура келген.
Тексеру барысында оның кәмелетке толмағандығы және автокөліктің әкесіне тиесілі екендігі анықталды.
Жасөспірімнің заңды өкілі шақырылып, түсірдіру жұмыстары жүргізілді. Оған қатысты төрт әкімшілік хаттама толтырылды.
Автокөлік айып тұрағына қойылды.
Фото: Жамбыл облысының ПД